Аталған сында сабляшылар өзара кім мықтыны анықтамақ. Қазақстан сапынан бақ сынайтын спортшылар арасында Бақдәулет Құралбекұлы да бар деп хабарлайды Olympic.kz.
Семсерлесуден әлем кубогі додасында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Олар – Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркисян, Илья Мокрецов және Саттархан Назарбай.
Жастар арасында көзге түскен команда мүшесі Бақдәулет Құралбекұлы ірі дода алдындағы мақсатымен бөлісті.
"Бұл күндері Мысырдағы әлем кубогіне дайындалып жатырмыз. Жаттығу жиыны АІВА базасынба ойдағыдай өтіп жатыр. Бапкерлер құрамында аздаған өзгеріс бар. Атап айтар болсам, жаңа бапкер Александр Торчуктың нұсқауымен жаттығудамыз. Ересектер арасындағы әлем кубогіне алғаш рет қатысқалы отырмын. Сондықтан, аздап қобалжу бар. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын", – дейді Бақдәулет.