Баку мұнай нарығында Ресейді басып озды

997

Италияның Аугуста портындағы Azeri Light маркалы Әзербайжан мұнайының бағасы өткен бейсенбіде бірден 3,11 долларға көтеріліп, барреліне 90,63 долларды құрады  

Баку мұнай нарығында Ресейді басып озды Фото: gov.kz

Бұл туралы Inbusiness.kz Закавказье Республикасының мұнай-газ нарығындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркияның Джейхан портындағы FOB шарттарымен Azeri Light бағасы 3,02 долларға көтеріліп, барреліне 88,5 долларға жетті.

Баку-Новороссийск құбыры арқылы Новороссийск Қара теңіз портынан Әзербайжан сататын ресейлік Urals сортындағы мұнайдың құны алдыңғы көрсеткіштен $2,37-ге өсіп, барреліне $44,7 құрады.

Осылайша, Әзербайжанның қара алтын сорты қазіргі уақытта ресейлік маркадан екі есе артық, бұл Еуропа елдерінің Ресейден теңіз арқылы мұнай жеткізуге тыйым салып, шекті бағаны қабылдауы себеп болғаны анық.

Солтүстік теңізде өндірілетін үздік Brent сортының бір баррель бағасы 12 қаңтарда 2,39 долларға — 82,83 долларға дейін көтерілді.

2022 жылдың 5-і желтоқсанынан бастап Батыс елдерінің үкіметтері Ресейдің бюджетіне, әскеріне және Украинаға басқыншылығына қажетті кірісін азайту мақсатында оның мұнай экспортының бағасына шектеу енгізгенін еске саламыз.

ЕО жасаған келісімге сәйкес, РФ мұнайының баррелі 60 доллардан жоғары бағаға сатылмауы керек. Мұндай мәмілеге "Жетілік тобы" елдері мен Аустралия қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу