Бақылау бекетіндегі жол апатында жарақат алған полицей есін жиды

688

Мамандар оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр. 

Бақылау бекетіндегі жол апатында жарақат алған полицей есін жиды

25 мамыр күні бақылау бекетінде планшетпен тұрған Еркебұлан Сейдазым жол апаты салдарына  ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен. 8 маусым күні Қоғамдық денсаулық басқармасы полиция қызметкерінің есін жиып, жағдайы жақсарғанын хабарлады. 

"Науқастың жағдайы тұрақты, жақсарып келеді. Есін жиды, сұрақтарға жауап беріп отыр. Уақыт пен кеңістікті бағдарлайды. Алайда әлі де басы ауырып, айналады. Тірек қимыл жүйесінде жарақат, тартылып қалу белгілері жоқ. Палата ішінде өз бетімен қозғала алады", – деді басқармада. 

Еске сала кетсек, Алматыда бақылау-өткізу бекетінде  25 мамыр күні болған жол апатында екі полиция қызметкері қаза тауып, ауыр бас ми жарақатын алған  Еркебұлан Сейдазым аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу