Бақыт Сұлтанов: Бағаның қымбаттауына тұрақтандыру қорларының да қатысы бар

840

Сауда және интеграция министрі азық-түлік бағасының өсу себептерін атады. 

Бақыт Сұлтанов: Бағаның қымбаттауына тұрақтандыру қорларының да қатысы бар Фото: inbusiness.kz

Министр Бақыт Сұлтанов жер-жердегі тұрақтандыру қорларының өнімдерді сатып алу саясаты тиімсіз ұйымдастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Үкімет отырсында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы баяндама жасаған Бақыт Сұлтанов Ауыл шаруашылығы мен өңірлердің әкімдіктеріне қосымша міндеттер жүктейтін ұсыныстар айтты. 

"Тұрақтандыру қорларының көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2 процентінен 1,4 процентіне дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді. Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды. Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың (56,9%), қарақұмық жармасының (40,0%), күнбағыс майының (31,1%) және жұмыртқаның (17,5%) бағалары едәуір өсті. Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Тұрақтандыру қорларын тек тәуекелі жоғары импортқа тәуелді тауарларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет", - деді Сауда және интеграция министрі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу