Иорданияда 2018 жылдың 8-10 мамырында өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушылар кеңесінің 27-ші жыл сайынғы отырысына ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ол банктің басқарушылар Кеңесінде Қазақстан Республикасынан басқарушы министр болып табылады.
Отырыс барысында банктің операциялық қызметінің, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі мәселелер, 2017 жылда қол жеткізілген нәтижелер, бұдан әрі 2025 жылға дейінгі перспективалары қаралды.
Министрдің ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесуі барысында банктің Қазақстандағы негізгі жобалары талқыланды, мемлекеттік мүлікті бәсекелестік ортаға жіберуге аса көңіл бөлінді.
Банктің президенті ЕҚДБ-ның 2019 жылдың соңына дейін шолуда Қазақстанға ерекше назар аудара отырып, операция елдерінде Бaнктің қызметін нығайту тәсілдеріне құрылымдық талдау жүргізуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті. Сондай-ақ 2019 жылы қаңтарда өзінің капиталдық ресурстарын пайдалану арқылы Сахарадан оңтүстікке қарай Африкада өз қызметінің гегорафиялық ауқымын біртіндеп кеңейту туралы зерттеуін бастайды. Бұл жұмыс ЕҚДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясын қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.
Әдеттегідей, бұл күндері банкпен мемлекеттік құрылымдар үшін де, сондай-ақ бизнес орта мен азаматтық қоғам үшін де бірқатар іс-шаралар қаралды. Биылғы жылы осы форум "Экономика үшін импульс" деген ұранмен өтті.
Форумның "Бір бел – бір жол" инициативасы – ЕҚДБ инвестициялайтын елдер үшін оның маңызы"атты сесиясының негізгі спикері Бақыт Сұлтанов: "Жібек жолдың экономикалық белбеуі" жобсы Қазақстанмен оның құрлық бөлігінде байланған. Ол жоба арқылы темір жолдар мен автомобиль маршруттары батысқа барады, жаңа "Еуразиялық көпір" құрылады және "Қытай – Орталық Азия – Батыс Азия" экономикалық коридоры даму алады.
Форумның "Қаржылық орталықтар реформалардың және экономикалық дамудың катализаторлары ретінде: АХҚО-ның ролі" атты сессиясының қатысушылары АХҚО секірді қаржылық орталықтар өсуді ынталандыру үшін инвестицияларға әсерін, сондай-ақ корпоративтік басқаруда, біліктілікте және "жасыл инновацияда" стандарттарды орнатудың қажеттілігін қарастырды.