Бақытжан Бұқарбай баспагерлерден НДС-ті алып тастауды сұрады

Оның айтуынша, бұл мемлекет үшін еш қиын шаруа емес.  

Бақытжан Бұқарбай баспагерлерден НДС-ті алып тастауды сұрады Фото: minber.kz

Десе де, бұл өз кезегінде баспагерлерге үлкен қолдау болатыны айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Көптен бері көтеріліп келе жатқан ірі мәселе – тәуелсіз баспагерлерге НДС-ті (қосылған құн салығы – ред.) алып тастау туралы. Мемлекет үшін, бюжет үшін НДС-ті  баспагерлер үшін алып тастаса, көп өзгеріс әкелмеуі мүмкін, бірақ баспагерлер үшін жер мен көктей. Бізге көп мүмкіндік болушы еді, – деді Бақытжан Бұқарбай. 

Баспагер нарықта үлкен кітап дүкендерінің бір жылда көп сатылған кітаптар тізімін шығаратынын жеткізді. Және ресейлік баспагерлердің санкцияға байланысты Қазақстан нарығын жаулап келе жатқанын сөз етті. 

Бұған дейін баспа саласының маманы сатып алынатын және сатып алуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі адал түрде қалыптаспайтынын мәселе етіп көтерген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу