Бақытжан Сағынтаев: Алматы мәңгі менің жүрегімде

1554

Алматы қаласының экс-әкімі Бақытан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында алматылықтарға арнап жазба жариялады. 

Бақытжан Сағынтаев: Алматы мәңгі менің жүрегімде

"Құрметті алматылықтар! Бүгін мен өз лауазымымды жаңа әкімге тапсырамын. Осыдан тура 720 күн бұрын Президент маған Алматы әкімдігін басқаруды сеніп тапсырды. Бұл үшін Мемлекет басшысына ризамын", – деген Сағынтаев әкім болып тұрғанында атқарған жұмыстарын тізбелейді. Ол сөзінің соңында алматылықтармен "үнемі бірге болғанын" айтып түйіндейді. 

"Менің әрбір жұмыс күнім сіздердің көз алдыларыңызда өтті. Өздеріңізбен әрдайым кездесіп, ақылдасып отырдық. Апта сайын Akimat Live тікелей эфиріне шықтым. Атқарылған шаралар туралы үнемі хабардар болдыңыздар. Бірге атқарылған жұмыс үшін алматылықтарға алғыс айтамын! Қаламызға және барша алматылықтарға бақытты ғұмыр тілеймін! Алматы мәңгі менің жүрегімде", – деп жазды Сағынтаев.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде митингшілермен алаңға шығып кездеспеген Сағынтаев халықтың сынына қалды. Тұрғындар оның отставкасын талап етіп, петиция жариялады.

Бүгін Алматы әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалғанын айта кетейік. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу