Балабақшада бүлдіршінді жабылып ұрған балалардың ата-анасы мен тәрбиеші жазаланатын болады

1059

Білім басқармасы өкілдері жағдайды түсіндірді. 

Балабақшада бүлдіршінді жабылып ұрған балалардың ата-анасы мен тәрбиеші жазаланатын болады Фото: видео скриншот

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kzсайты.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. 

"3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу