Балабақшаны су алып кетті

1373

Түркістан облысында нөсерден 10 аула учаскесі мен 4 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ бір балабақшаны су алып кеткен. 

Балабақшаны су алып кетті

Түркістан облысындағы балабақшаны су алып кетті. Төтенше оқиғаға қатты жаңбыр себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы ауылында сағат 15.45 кезінде қатты жаңбырдан кейін 10 аула учаскесі мен 4 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ бір балабақшаны су алып кеткен. Нысандардағы су деңгейі шамамен 5 сантиметрге жетіп, оқиға орнына ТЖД қызметкерлері арнайы құрылғылармен суды сорып, сыртқа шығару жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", – деді ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Еске сала кетсек, қатты жаңбыр салдарынан Шығыс Қазақстанда кеше екі ауданда жаңбырдың салдарынан бірнеше үйді су алып кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу