Балаға зорлық көрсететіндерге қатысты жаза күшейтілді

1262

Президент Жолдауында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты еліміздің Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Балаға зорлық көрсететіндерге қатысты жаза күшейтілді

Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға жасалатын қылмыстардың жазасын қатайту үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілген. Бұл толықтырулар Парламенттің қарауынан өткеннен кейін 11 қаңтардан бастап, заңды күшіне енген.

"Осылайша, балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік күшейтілді, санкциялардың көлемі ұлғайды. Мәселен, Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық топ құрамында қылмыстық әрекет жасағаны үшін жазаның ең төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып анықталды. Ал ата-анасы, өгей әкесі, педагог мұндай қылмысқа барса, 17 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл жазаның мерзімі 12 жылдан 17 жылға дейін болған", – дейді Н.Ораз. 

Министрліктің өкілдері Қылмыстық кодекске енгізілген бұл өзгерістер балаларға жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерін азайтуға мүмкіндік береді деген сенімде.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу