Балаганская семсерлесуден әлем кубогіне қатысады

834

1-3 қараша күндері Эстонияның Таллин қаласында семсерлесуден әлем кубогі өтеді.  

Балаганская семсерлесуден әлем кубогіне қатысады

Әйелдер арасындағы шпагадан өтетін сайысқа Қазақстан құрамасынан Ульяна Балаганская қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Биыл 50-ші рет ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Әлемнің 50 елінен 284 спортшысы семсерлеседі деп жоспарланған.

"Таллин қылышы" атағын алған турнир Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады.

1-2 қараша күндері жекелей сайыстар өтсе, 3 қарашада командалық сайыстың үздіктері анықталады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу