Балалар аттракциондарының қызметі бір жылда 23%-ға қымбаттады

403

Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер бір жылда 16,6%-ға қымбаттады.   

Балалар аттракциондарының қызметі бір жылда 23%-ға қымбаттады Фото: ExpertFun

Оның ішінде демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер бағасы 16,9%-ға, мәдени іс-шаралар саласында 13,5%-ға артқан, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Демалыс және спорттық іс-шаралар секторын алып қарасақ, балалар аттракциондарының қызметтері 23%-ға қымбаттаса, мектеп жасындағы балаларға арналған спорт секцияларындағы сабақтар – 15,1%, спорт залдарының қызметтері (абонемент) – 13%, бассейн қызметтері (абонемент) – 16,3%, музыканы оқыту – 8,7%.

Порталдың жазуынша, кинотеатр қызметтері бір жылда 14,1%-ға, театр қызметтері 8,4%-ға, фотограф қызметтері 12 пайызға қымбаттаған.

Республика бойынша секторда бағаның ең жоғары жылдық өсімі Жетісу (+47,7%), Түркістан (+39,7%) және Батыс Қазақстан (+36,9%) облыстарында тіркелді. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Астанада (5,6%), Қостанай (5,7%) және Атырау (7,1%-) облыстарында байқалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу