Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың арасында бес бала, полиция қызметкері және самбодан Қазақстан чемпионы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Балалар вокзалдан пойызға отыруы керек еді. Олардың қолында билеттері болды... Пойызға отыру үшін әрқайсысының ата-анасынан алынған сенімхат болды. Әр баланың ата-анасы нотариалды куәландырылған құжат берді, - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.
Облыс орталығына балалар екі көлікпен шыққан. Жүк көлігімен соғысқан Toyota Ipsum-нің ішінде 4,5,6 сынып оқушылары мен үш ересек болған. Бірі ауыл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екі ұлымен ажал құшты. Турнирге баруды ұйымдастырған сол мұғалім екен.