Балалар жаппай уланған қарағандылық орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттелді

558

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.

Балалар жаппай уланған қарағандылық орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттелді

Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшысы міндетін атқарушы және 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді, деп жазады inbusiness.kz.

Облыс басшысының сөзінше, бүгінгі таңда барлық күш ауруханада жатқан балалардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған.

"Орталықтың стационарында тұратын 147 бала ерекше бақылауға алынды. Олардың денсаулық жағдайына байланысты шағымы жоқ. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді", - деді ол сейсенбі күні өткен брифингте.

Ермағанбет Бөлекпаев орталықтың директоры міндетін атқарушы және 12 қызметкер жұмыстан шеттетілгенін атап өтті. Олардың орнына басқа медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері тартылды.

Еске салайық, осыған дейін Қарағандыда балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында 12 баланың уланып қалғанын жазған болатынбыз. Бас прокуратура бұл жағдай бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният оқиға орнына аттанды. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева уланған балалар арасында жетімдер де бар екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу