Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша кешенді жоспар әзірленді

582

Қаулы жобасының мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдау жөніндегі жүйені құру.  

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша кешенді жоспар әзірленді Фото: egemen.kz

Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кешенді жоспарда бірқатар шара қарастырылған:

  • балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау бойынша адамдардың жауапкершілігін қатаңдату;
  • білім беру ұйымдарын қорғаудың кешенді жүйесімен қамтамасыз ету;
  • балалар арасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық және суицид деңгейін төмендету, оның ішінде психологиялық қызметті күшейту;
  • дағдарыс жағдайынан шығу бойынша балаларға білікті көмек көрсету;
  • балалар арасында жолдарда, суда болуы мүмін оқиғаларға жол бермеу, өрттің алдын алу, балаларға жануарлардың шабуыл жасауы, балалардың терезеден құлауының алдын алу;
  • балалар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалар мен ата-аналар қатынастарын нығайту жөніндегі ақпараттық-түсіндіру қызметін ұйымдастыру.

Атап айтқанда, кешенді жоспар заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді.

Жоспарды іске асыру келесі көрсеткіштерге әкеледі деп күтілуде:

  • Балаларға қатысты, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар санының жыл сайын 2%-ға төмендеуі;
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің жыл сайын 1,5%-ға төмендеуі;
  • Қосымша біліммен қамтылған балалар санының жыл сайын 5%-ға артуы;
  • Төтенше жағдайлар, жол-көлік оқиғалары және басқа да жазатайым оқиғалар салдарынан балалардың өлімі мен жарақаттану санын жыл сайын 5%-ға төмендету;
  • Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Құжат 17 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2022 жылы балаларға қатысты 2 005 қылмыс жасалды (2021 жылы – 2 088), олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны 719 құрады (2021 жылы - 920), сондай-ақ балалар арасында 155 суицид оқиғасы тіркелді (2021 жылы – 144).

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада жыл сайын 600 мыңнан астам адам жарақат алады, олардың 22%-дан астамы - балалар, яғни 130 мыңы (соның ішінде мұзға құлау, терезеден құлау, ЖКО, өрт, су айдындарында және т.б.) немесе 360 бала күн сайын жарақат алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу