Салдарынан 126 бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Еліміздегі әрбір төртінші жол апаты балалардың қатысуымен болады. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 2 700 жол апаты тіркелген, онда 126 бала қаза тауып, 3 мыңнан астам жеткіншек жарақат алды", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Биылғы 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында республикада "Абайлаңыз-балалар!" жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі көп жағдайда ата-аналарға байланысты, өйткені олар ересектердің мінез-құлқын қайталайды. Балаларға велосипедші, жаяу жүргінші немесе самокатшы ретінде жолдағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп отыру қажет", – деді спикер.