Балаларға аулада ойнауға рұқсат беріледі

1315

Дегенмен барлық санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек.

Балаларға аулада ойнауға рұқсат беріледі

"Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек",– деді Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев саяжай иелерінің де мәселесі ескерілетінін айтты.

"Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады",– деді.

Айта кетсек, бүгін Президент ТЖ режимінің ұзартылатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу