"Балаларын өлтіретінін туыстарына айтқан": Түркістандағы жантүршігерлік жайт туралы тың дерек шықты

2218

Бала құқықтары жөніндегі өкіл Динара Зәкиева осы жайтқа қатысты пікір білдірді. 

"Балаларын өлтіретінін туыстарына айтқан": Түркістандағы жантүршігерлік жайт туралы тың дерек шықты Фото: Facebook

7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылған еді. 

Бала құқықтары жөніндегі өкіл осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл жайтты әйел туыстарына хабарлаған.

"Екі баланы өз анасы өлтірген. Иманды болсын! Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, жалдамалы пәтер алған. Кейін туыстарына балаларды өлтіргелі жатқанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, өз баласын өлтірді деген күдікпен іздеу салынған әйел ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу