"Балама жаным ашиды": Дәулет Тұрлыханов басы дауға қалған ұлы туралы пікір білдірді

381

Жақында Нұрасыл Болаттың Алматыдағы тойда жүрген видеосы желіде тарады. 

"Балама жаным ашиды": Дәулет Тұрлыханов басы дауға қалған ұлы туралы пікір білдірді Фото: vesti.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қай әке баласын жаман болсын деп тәрбиелейді? Балам жақсы адам. Неге екенін білмеймін, баламның артынан аңдитындар бар сияқты. Мұның барлығы жай емес қой. Ертеңгі күні баламның жүйкесі тозып, ауру болып қалуы мүмкін. Оған кім жауапты болады?! Сондықтан айтқым келетіні, балам өте жақсы, тәрбиелі. Оған енді туған күнге баруға, достарымен араласуға болмай ма?! Осы нәрсе мені қатты ойландырады. Әрине, бізді көре алмайтындар бар. Қазақта ондай бар ғой. Мен бір мандатты округтан сайландым. Мандатымнан айырыламын ба, жоқ па – сайлаушылар ғана шеше алады. Бүгінде мен абыроймен жұмыс істеп жүрмін. Бұл тараптан менің жұмысыма, әріптестеріме ешқандай сұрақ жоқ", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер мәжілісменнің ұлы бас бостандығынан айырылуы мүмкін бе деп сұрады.

"Балам 21-ден енді асты. Өмірді әлі көрмеген. Оның мүмкіндігін шектеп, бас бостандығынан не үшін айыруымыз керек? Кешкі сағат сегіз жарымда әріптестерімен отырғаны үшін бе? Ол онда ішіп отырған жоқ. Оны бірден түрмеге қамайтын болса, ол тәрбие емес", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Журналистер Нұрасыл Болат қазір күйзелісте жүр ме деп сұрады.

"Оған күн сайын неше түрлі нәрсені жазады. Біреуі жақсы айтса, біреуі жаман айтып жатыр. Балама жаным ашиды. Оған қатты сөйлеп жүрген жоқпын. Бұл ұрысатын нәрсе емес", - деді Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың тойда жүрген видеосы желіде тарағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу