Баланы кибербуллингтен қорғануға, интернеттің артықшылығын пайдалануға үйрететін тренинг өткізіледі

766

Халықаралық электрбайланыс одағы балаларды кибербуллингтен қорғау мәселесі төңірегінде зерттеу жүргізіп жатыр.

Баланы кибербуллингтен қорғануға, интернеттің артықшылығын пайдалануға үйрететін тренинг өткізіледі

Алдағы уақытта Қазақстанда балаларды ата-анасы немесе мұғалімімен бірге тренингтен өткізу курстары басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сарапшыларымыз кибербуллинг бойынша жүргізіп жатқан талдау нәтижесі қыркүйектің аяғында белгілі болады деп үміттенеміз. Оның ішінде Қазақстандағы ахуалға да баға беріледі", – деді Халықаралық электрбайланыс одағы ТМД бойынша аумақтық бөлімінің директоры Наталья Мочу астанада "Цифрлық Қазақстанның" болашағын талқылауға арналған Towards a connected Kazakhstan атты іс-шарада.

Оның айтуынша, тренинг өткізу жұмысы ЮНИСЕФ ұйымымен бірге жүзеге асырылып жатыр.

"Бір айта кететіні, біз балаларды қалай қорғау керек деген мәселені ғана емес, оларды оқыту, үйрету жағын қоса қарастырып жатырмыз. Яғни балаларға технологияның қатері қандай болатынын түсіндіре отырып, онлайн әлемде қалай әрекет ету керегін көрсетеміз. Мәселен, қандай пароль енгізу керек, парольді ешкімге бермеу керек, кибербуллинг деген не және одан қалай қорғану керек деген секілді нәрселерді қамтимыз. Қазір бастауыш сынып оқушыларын ата-анасы әлде ұстазымен бірге өткізетін курс әзірлеп жатырмыз. Кейін баланың жасына қарай ақпараттарды күрделендіре түсеміз. Сонымен бірге, қалай қорғану керек, біз қалай қорғауымыз керек деген нәрселер ғана емес, жалпы интернетте бұған дейін де болған, мысалы, бағдарламалау бойынша веб-дизайн деген секілді жақсы нәрселерді пайдалануды көрсетеміз", – деді Мочу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу