Баланы құтқарып қалған азамат марапатталды

1139

ТЖ бірінші вице-министрі генерал-майор Күлшімбаев Ибрагим батыр азамат Шонтақбаев Сәбитті "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттады.

Баланы құтқарып қалған азамат марапатталды

Еске сала кетсек, бүгін елордада 8-қабаттағы бір пәтер терезесінен жас бала құлай жаздады.

Құтқарушыларға хабарлама сағат 10.21-де түскен. Ұлы Дала көшесі 27/1 бойындағы айтылған мекенжайға жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілген. Олар келем дегенше Шонтақбаев Сәбит деген азамат балконның карнизіне ілінген баланы құтқарып үлгерген.       

"2019 жылы туған қыз құлаған кезде үйде баланың жанында ешкім болмаған. 1985 жылы туған Шонтақбаев Сәбит жылап тұрған баланы көріп, өз өміріне қауіп төндіре отырып, ойланбастан санаулы секундтарда кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды", – деп жазылған ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу