"Баланы топырақ астынан әрең таптық": Арыстағы жантүршігерлік жол апатының тағы бір шындығы ашылды

​Бұл туралы оқиғаның куәгерлері айтып отыр.

"Баланы топырақ астынан әрең таптық": Арыстағы жантүршігерлік жол апатының тағы бір шындығы ашылды Фото: Ulysmedia.kz

Күдікті әйелдің Арыс орта мектебінде "Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінің мұғалімі болғаны да расталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"КТК" телеарнасының мәліметінше, марқұм әйелдің көршілері жүргізушіні мас күйінде жиі көріп жүрген.

"Соққының қатты болғаны соншалық, марқұм келінімнің денесі қораға қарай ұшып кеткен. Ал, оның 2 жастағы баласын топырақ астынан әрең таптық. Көрші үйде тұратын келініміздің 5 жастағы қызы қайтыс болды. Өзі бір баласымен аурухана жатыр", – дейді телеарнаға сұхбат берген Ғани Айдаров.

Оқиға куәгерлері рөлдегі келіншектің апат кезінде қатты мас болғанын айтады. Сонымен қатар, күдіктінің Арыс орта мектебінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен сабақ бергені де расталды. Қазір ол 2 айға қамалған.

 Бұған дейін Арыс қаласында мас жүргізуші әйел жантүршігерлік жол апатын жасағанын жаздық.

 Ал кеше вице-министр Арыста 4 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу