Серікқали Брекешев: Балқаш көліне құрғау қаупі төніп тұрған жоқ

1151

Бүгінде көлдегі судың орташа деңгейі – 343 метр.

Серікқали Брекешев: Балқаш көліне құрғау қаупі төніп тұрған жоқ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Балқаш көліне құрғау қаупі төніп тұрмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары көлдегі судың орташа деңгейі – 342,5 метр.

"Біз үшін 341 метр қауіпті көрсеткіш болып саналады. Талқылау нәтижесінде Балқаш көліне құрғау қаупі төніп тұрған жоқ деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ Балқаш көлін сақтайтын арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледік. Оған су объектілерін тереңдету мен тазарту, каналдарды жөндеу, суды үнемдеу технологиясын енгізу ылғал сүйгіш дақылдарды егіуді қысқартуды сынды жұмыстарды қостық", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Балқаш көліне құрғау қаупі төніп тұрғаны хабарлаған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу