Балқашта су құбырынан тағы ақау шықты

625

Ауызсусыз қалған қала тұрғындары үшін төрт су таситын көлік жұмыс істеуде.

Балқашта су құбырынан тағы ақау шықты Фото: Евгений Одиноков

Балқаш тұрғындары төртінші тәулік сусыз отыр. Балқаш сорғы станциясы аумағындағы магистральдық су құбырында ірі апат 4 сәуірде болған еді. Кеше кешке қаладағы таза су резервуарларын толтыру жұмыстары басталған, бірақ тұрғындарға ауызсу әлі берілмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 6 сәуірде қалалық резервуарлар таза сумен толтырыла бастағанын, алайда айдалатын су көлемі ұлғайған кезде бас сорғы станциясында ысырма кептеліп қалғанын хабарлады.

"Сумен жабдықтау көлемінің кезекті ұлғаюы кезінде диаметрі 500 мм болатын қақпа клапаны кептеліп қалды. Осының кесірінен, негізгі сорғы станциясында, бұл бізге үлкен параметрлерге жетуге мүмкіндік бермей жатыр. Бұл ретте қаладағы таза су резервуарларын кезең-кезеңімен толтыру жұмыстарын жалғастырып, Тоқырау бас сорғы стансасының жүйесін босату, кептеліп қалған қақпа клапаның ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Ауызсусыз қалған қала тұрғындары үшін төрт су таситын көлік жұмыс істеуде. Олардың бірі – Қоңырат шағынауданында, екіншісі – Балқаш станциясында, тағы екеуі барлық шағынаудан бойынша жүреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу