Балқашта заңсыз 17 мың бөтелке алкоголь өнімдері тәркіленді

591

Балқашта полиция қызметкерлері 17 мың бөтелке контрафактілік арақ тәркіледі.

Балқашта заңсыз 17 мың бөтелке алкоголь өнімдері тәркіленді

Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ауыр қылмыстарды ашу бойынша кешенді іс-шара жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Балқаш қаласындағы мекемелердің бірі контрафакт ішімдік сатумен айналысатыны туралы ақпарат түсті. 

Полиция қызметкерлері Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы мейрамханалардың бірінің қоймасында ішімдік затын сату фактісін анықтады. 

Қоймаға жүргізілген тінту барысында 852 қорап арақ немесе жалған есептік-бақылау нөмірімен 17 040 бөтелке тәркіленді", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында 25 жастағы күдікті ұсталды. 

Сондай-ақ ұсталған азаматтың үйіне жүргізілген тінту кезінде аңшы шолақ мылтығы табылған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. 

Қазіргі уақытта ішімдік өнімін жеткізушіні, контрафакт алкоголь қайда сатылғанын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмысы жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу