Балқаштың суын көлікпен кешіп, демалушыларға қауіп төндірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды

867

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.  

Балқаштың суын көлікпен кешіп, демалушыларға қауіп төндірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды Фото: Видеодан скриншот

Полицейлер әлеуметтік желіде таралған видеоға құқықтық баға беріп, заң бұзған адамды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін ІІМ хабарлағандай, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрбір дерек назардан тыс қалмайды.

Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, жас балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген жүргізушіні анықтады.

40 жастағы ер адам өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция ескертеді: жаппай демалыс орындары – қауіпті ойын-сауықтың орны емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу