Финляндия мен Эстонияны байланыстыратын Baltic Connector газ құбыры жарылыстан зақымданған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Зақым жарылыстан емес, сыртқы күш әсерінен болған сияқты", - деді Фин полициясының өкілі Ристо Лохи.
Сонымен бірге, ол ешқандай нұсқаны жоққа шығаруға болмайтынын атап өтті, бірақ газ құбырының зақымдануына нақты не әсер еткенін айтудан бас тартты.
Көбісі "Солтүстік ағын" және "Солтүстік ағын-2" газ құбырларының апатынан кейін құбырды зақымдау қасақана ұйымдастырылды деген нұсқаға көбірек сеніп келді.
Дегенмен Хельсинкидегі билік бұған дейін де Baltic Connector-дағы зақым "сыртқы әсерден" туындауы мүмкін деп мәлімдеген.
"Газ құбыры мен телекоммуникация кабелінің зақымдануы сыртқы әсердің салдары болуы әбден мүмкін", - деді Финляндия Президенті Саули Ниинистё.
Эстониядан Финляндияға тартылған газ құбырын жөндеу бірнеше айға созылатынын еске саламыз. Жөндеу жұмыстары қысқа дейін созылуы мүмкін.