Бангладеш премьер-министрі отставкаға кетті

242

Шейх Хасина әскери ұшақпен Үндістанға кеткен.

Бангладеш премьер-министрі отставкаға кетті Фото: REUTERS/Mohammad Ponir Hossain

Бангладеште наразылыққа шыққандар Премьер-министр Шейх Хасинаның резиденциясына басып кірді. Армия қолбасшысы елді уақытша кабинет басқаратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Бангладеш армиясының қолбасшысы Ваккер Уз-Заман елдің премьер-министрі Шейх Хасинаның отставкаға кеткенін растады. Бірнеше апта бойы жалғасқан үкіметке қарсы наразылықтар салдарынан елді уақытша үкімет басқарады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ваккер Уз-Заман теледидардан мәлімдеді.

Айта кету керек, осыған дейін Бангладештегі наразылық салдарынан 280-нен астам адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу