Бангладештің бұрынғы премьер-министрінің үстінен іс қозғалды

204

Арызда бұрынғы үкімет мүшелерінің де аты аталады.

Бангладештің бұрынғы премьер-министрінің үстінен іс қозғалды Фото: EPA

Бангладеште халық толқулары кезінде ер адамның өліміне байланысты бұрынғы үкімет басшысы Шейха Хасинаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тамыздың басында премьер-министр Шейх Хасина елдегі наразылықтардан кейін отставкаға кетті. Ол әскери ұшақпен Үндістанға қашып кетті.

Студенттердің наразылықтары кезінде 400-ден астам адам жарақат алды, қаза тапқандар да бар. Reuters жазуынша, бұрынғы премьер-министр наразылыққа қатысқандарға қатысты "ең қатаң шара" қолдануды бұйырған.

Кәсіпкер Амир Хамза экс-премьер Шейха Хасинаға қарсы арыз берді. Ол бұрынғы үкімет басшысын наразылық акциясы кезінде кездейсоқ оққа ұшқан азық-түлік дүкенінің сатушысын өлтірді деп айыптап отыр.

"Мен Шейха Хасинаның қылмыстарына қарсы осы заңды қадамды жасауға батылдық танытқан алғашқы қарапайым азаматпын. Мен істі соңына дейін апарамын", - деді кәсіпкер.

Тергеуде Хасинадан бөлек бұрынғы үкіметтегі тағы 6 адамның аты аталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу