Банк картасы көп тұрғындарға тықыр таянуы мүмкін

Бірнеше карта иеленгендерге "заңсыз ақша айналымына қатысы болуы ықтимал" деген күдік бар. 

Банк картасы көп тұрғындарға тықыр таянуы мүмкін Фото: canva.com

Әрі бұл қадам алаяқтарға қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлерге тосқауыл қояды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігі қазақстандықтардың банк картасына бақылауды күшейтеді, яғни енді бір банктен 5 немесе одан да көп картасы бар азаматтар ерекше назарда болмақ. 

Демек, бір банктен бірнеше карта ашқандарды "заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін" деген арнайы санат күтіп тұр. Қаржы ұйымдары ондай клиенттің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отырады. 

Құзырлы органдар қазіргі уақытта алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлердің көбейгенін айтып дабыл қағуда. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осы мәселеге нүкте қоюда жаңа заңның өз ықпалы болады деп есептейді. 

– Бұл шаралар негізінен есірткінің заңсыз айналымы тәуекелдерін барынша азайту мақсатында және дроперлер санын азайту үшін қабылданған. Осыған орай банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы қосымша мәлімет сұрауы мүмкін, – дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бас маманы Асқар Сейданов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу