Банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызмет ақысы алынып тасталады

764

Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету бойынша кешенді шара қабылданып жатыр. Үкімет отырысында қаржы министрі Ерлан Жамаубаев осылай деді.

Банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызмет ақысы алынып тасталады

"Жеңілдетудің кешенді шарасы тауарларды бақылау жүйесін, тауарларға ілеспе жүк құжаттары мен электронды пломбаларды енгізуді қамтиды. Бұл контрагенттер арасындағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта қолданысқа қосылған құн салығын әкімшілендіру үшін blockchain-технологиясын енгізу жоспарланып отыр. Бұл салық төлеуден жалтару тәуекелін төмендетеді және қолма-қол ақша алу мәмілесін қысқартады", – деді Ерлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, қашықтан өзара әрекеттесуге негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша қанатқақты жоба басталды.

"Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салық біріктірілді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Жеке тұлғалардың меншігіне салық төлеу ыңғайлы болу үшін "E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасы әзірленді. Қазіо POS-терминал мен онлайн – бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін ұсынудан босату бөлігінде "E-Salyq-business" қосымшасы әзірленіп жатыр. Болашақта жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды оңайлату, салық есептілігін тапсыруды, банк комиссиясын және фискалдық деректер операторларының қызметіне ақы төлеуді алып тастауды көздеп отырмыз", – деді Ерлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу