"Банкаралық аударым комиссиясын төмендету қажет"

836

Электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлер салық жеңілдігіне ие болуы мүмкін.

"Банкаралық аударым комиссиясын төмендету қажет"

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауданы жолға қойған кәсіпкерлерге салық  жеңілдігін жасау бастамасын көтерді. 

"Электронды сауда үлесінің өсуіне қарамастан, бізде әлі күнге дейін онлайн желіге толық көшуде тосқауыл болатын кедергілер бар. Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын, орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды дер кезінде жеткізе алмау сияқты проблемалар. Электронды сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министр электронды сауданы дамыту үшін одан түскен кіріс жылдық жиынтық табыстың кемінде 40% құраса, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдау қажет екенін айтты.  

"Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу