Түркістанда банкке 18 млн теңге қарызы бар тұрғын анықталды

324

Бұл жайт “Қауіпті жүргізуші” іс-шарасы барысында мәлім болды.  

Түркістанда банкке 18 млн теңге қарызы бар тұрғын анықталды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Opel иесінің 18 миллион теңгеге жуық банк алдындағы қарызы бар екенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 “Қорғау” жүйесі арқылы автокөлікті арнайы айып тұраққа қойды.

Тәртіп сақшылары меншік иесімен қаржылық міндеттемелерді уақытылы орындау мен заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар рейд барысында басқа да құқық бұзушылықтар анықталды. Жалпы “Қорғау” жүйесі арқылы қарызы бар 77 автокөліктің иесі анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу