Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кезекті сот отырысында 2025 жылғы 4 қазанда Нұрай Серікбай мен анасы арасындағы хат жарияланды. Тергеу нұсқасы бойынша сол күні айыпталушы қызды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан.
Хаттардан Нұрайдың анасы қызына бірнеше рет қоңырау шалуға тырысқаны байқалады.
"Неге жауап бермейсің? Нұрай, маған қайта қоңырау шалшы. Не істеп жүрсің? Сенен мұндайды күтпедім", – деп жазған марқұмның анасы Айгүл Сағынбекова.
"Мама, бәрі менің келісімімсіз болды. Мен мұны қаламадым", – деп жазған Нұрай Серікбай.
Судья Самиддин Теміралиев бұл хаттың Нұрайдың анасы бұған дейін сотта берген айғақтарымен сәйкес келетінін жеткізді.
Айта кету керек, бұған дейін Нұрай Серікбайдың ісі бойынша өткен сотта бұрынғы тергеушіден жауап алынғанын жазғанбыз.