"Бәрібір шығын шығады" – Ұлттық экономика министрі жаңа облыстар құру туралы

823

Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмысты бастап кетті. Биыл 25 наурызда премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру үшін комиссия құрылды.

"Бәрібір шығын шығады" – Ұлттық экономика министрі жаңа облыстар құру туралы

Елдегі ахуал тұрақсыз болып тұрғанда жаңа облыстар құру шығын емес пе? Журналистер Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа осындай сауал қойды.

"Жаңа бастамалар негізінен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Нақты мынанша сома жұмсалады деп айта алмаймыз. Комиссия анықтайды. Қазіргі бюджет шеңберінде қалыптастырылуы да мүмкін. Дегенмен кейінірек бәрібір қосымша шығын шығады. Өйткені қалаларды облыс деңгейін көтеруге қосымша трансферттер керек", – деді Қуантыров.

Қуантыровтың айтуына қарағанда, аудандар қалай бөлінетіні әлі белгісіз. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталады. 

"Халықтың тілегі ескеріледі", – дегенді қосты министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу