Ішкі істер министрі Ержан Саденов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды. Бас бостандығын шектеу мекемесінде (ред. – ҚАЖ мекемесі)", - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Тілші "Журналистердің Мәсімов отырған колонияға кіріп, одан сұхбат алуға мүмкіндігі бар ма? Неге көрсетпейсіздер?" деп сұрады.
"Оны неге көрсетеміз? Мысалы, колонияға кірудің өз рәсімі бар ғой. Адвокаттары кіре алады", - деді Ержан Саденов.
Айта кету керек, осыған дейін ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш пробациялық бақылауда екенін жазған болатынбыз. ҰҚК экс төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Іс сотта "аса құпия" белгісімен қаралды.