Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

780

Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулардың басым бөлігі бизнес нысандарына қатысты. 

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулардың басым бөлігі бизнес нысандарына қатысты. Сонымен қатар құжатта нысандарға қойылатын талаптар, оларды іске қосу сипаты толықтай көрсетілген.

Онлайн сауда нысандары, автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу), дөңгелек жөндеу стансалары, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, химиялық тазалау, кір жуу орындары хабарлама арқылы жұмысын бастай береді.

Әуежайлар мен теміржол вокзалдарына мамандар барып, тексергеннен кейін рұқсат беріледі.

Сонымен қатар Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына 43-қосымшада шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда нысандарына (сауда базарларына) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар да көрсетілген.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу