Сондықтан діни терминдерді қазақша айту маңызды.
Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Кейбір жастардың ауызашарды "ифтар", сәресін "сухур" деп атауы қынжылтады. Бабаларымыз сан ғасыр бойы өз тілінде ауызашар, сәресі деп айтып келді. Біздің міндет – осы дәстүрді сақтау, ана тілімізге құрмет көрсету. Діни ұғымдар мен дәстүрлерді өз тілімізде жеткізу – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің бір жолы, – деді Бас мүфти.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлады.
Қадір түні 26-нан 27-наурызға қараған түнге сәйкес келеді, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі ретінде белгіленді.
Пітір садақасының мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасына сәйкес 655 теңге болып бекітілді.
Барлық өңірдегі ораза және намаз уақыттарын muftyat.kz сайтынан PDF форматында жүктеп алуға болады.
Бұған дейін Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырған болатын.