Орталық коммуникациялар қызметінде қасақана жасалатын қылмыстардың кейбір түріне жазаны қатаңдату мәселесі талқыланды. Брифинг барысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Алматы түбінде болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағы құлаған елді мекендегі үйлердің заңдылығы тексерілмек.
"Өкінішке қарай, ондай жағдай болды. Қазір Президенттің тапсырмасы бар. Осы сіз айтқан құрылыстардың заңдылығы қарастырылады. Тек қана Алматы әуежайы емес, басқа да аэропорттардың жанынан берілген жерлердің заңдылығы тексеріледі", – деді Бас прокуратура өкілі.
Есімжан Нақтыбайұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу