Бас прокуратура "Алтын орданы" рейдерлік жолмен басып алу ісіне қатысты пікір білдірді

200

Бұл базарға қатысты тергеу жүргізілген. 

Бас прокуратура "Алтын орданы" рейдерлік жолмен басып алу ісіне қатысты пікір білдірді Фото: inform.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев "Алтын орда" базарындағы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілішлер спикерден "Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокуратура Болат Назарбаевтан тартып алынған "Алтын орда" базары белгісіз біреулердің меншігіне өткеніне назар аудармай жатқанын айтты. Бұл істі қарап жатсыздар ма? Депутат бұл туралы ашық айтып жүр" деп сұрады. 

"Алтын орда" базарын рейдерлік жаулап алу бойынша тергеу жүргізілді. Тергеу барысында Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері тарапынан "Алтын орда" базарын рейдерлік жаулап алуына қатысты ешқандай іс-қимыл расталмады", – деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.

Тілшілер "Депутат Абзал Құспанның айтып отырғаны шындыққа жанаспайды деп есептейсіз бе?" деп нақтылады.

"Мен тергеу аясындағы мәліметтерге ғана сүйеніп отырмын", –  деп қысқа қайырды спикер.

Айта кету керек, осыған дейін депутаттар елдегі барлық базардағы заңдылықты тексеруді ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу