Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқан тағы сегіз адамды айтқан жоқ – Эльвира Әзімова

1166

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасында "238 адам қаза тапты" дейді. 

Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқан тағы сегіз адамды айтқан жоқ – Эльвира Әзімова

Ал Бас прокуратураның дерегіне қарағанда, 230 адам көз жұмған. Айырмашылықтың себебі неде?

"Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар санын келтірді. Ал біз айтқан сегіз адам полиция ұстағаннан кейін, тергеу изоляторларында көз жұмған. Осы мәселені көтеріп отырмыз. Тергеу жүріп жатыр. Ал ол сегіз адам туралы неге айтпағанын прокурорлардан сұрап көріңіз", – дейді Әзімова.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу