Бас прокуратура СҚО-дағы “сепаратистерге” қатысты сараптама тағайындады

576

СҚО-да “Халық кеңесі” тобының қатысушыларына қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған  

Бас прокуратура СҚО-дағы “сепаратистерге” қатысты сараптама тағайындады Фото: baq.kz

Бүгінгі таңда топтың 18 қатысушысынан жауап алынды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында айтты.

"Қосымша айтатыным Ұлттық қауіпсіздік комитетімен Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Тиісті процессуалдық прокурорлар қосылды. Бұл іс Бас прокурордың бақылауында. Топтың мүшелеріне қатысты, тұрғылықты жерлері бойынша тиісті тінту жұмыстары жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды. Бұдан басқа олардың айтқан сөздері бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Сараптаманы Әділет министрлігі өткізеді", - деді ол.

Спикердің сөзінше, сараптама мерзімі орташа алғанда 1 айға жуық уақытты қамтиды. Оның қорытындысы бойынша әр қатысушының айтқан сөзіне тиісті айыптың тағылуы баптары көрсетілетін болады, деді Жандос Өмірәлиев.

Еске салайық, осыған дейін Петропавлда сепаратистік белгілері бар топтың әлеуметтік желіде үндеу жариялағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу