Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 7 жылға сотталған бұрынғы шенеунік Бақытгүл Хаменоваға қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бақытгүл Хаменоваға келсек, жазасы бойынша үкімнің орындалуы үш жылға кейінге қалдырылған. Бұл кезде мұндай іс-шараларға қатысуға негізінен тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", – деді Бас прокурордың орынбасары.
Айта кету керек, бұған дейін пара алғаны үшін сотталған бұрынғы шенеунік Бақытгүл Хаменова тойда көрінгенін жазған болатынбыз. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына сот үкімі 2022 жылдың қараша айында шыққан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу