Бас прокурор елордада ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді

676

Бас прокурор Берік Асылов елорда балабақшаларының бірінде орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокурор елордада ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді Фото: tengrinews.kz

"Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға, қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет. Бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынды. Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді", - деді Бас прокурор Берік Асылов Twitter парақшасында.

Бұған дейін Астана балабақшаларының бірінде тәрбиешілер ерекше қажеттіліктері бар балаға қол көтергенін хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу