Бәсекелес ортаға беруге жоспарланған активтер тізімі кеңейтіледі – "Самұрық-Қазына"

1177

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесі мен арнайы шақырылған сарапшылар IPO және өзге де тәсілдер арқылы бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Қор активтерінің жаңартылған тізбесі жобасын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелес ортаға беруге жоспарланған активтер тізімі кеңейтіледі – "Самұрық-Қазына"

Тізімдегі компаниялардың саны 2,5 есе өсіп, 253-ке жетті. Бірқатарын атап өтсек оған: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "QazaqGaz" АҚ және т.б. кірді. Бұл тек холдингтік компаниялар ғана емес, сонымен қатар капиталдандыруы төменірек кәсіпорындар. Оларды IPO және жекешелендіру әлемдік тәжірибеге сәйкес шара және мемлекеттік меншіктен алу арқылы тиімді нарықтық экономиканы құру бағытына сәйкес жүзеге аспақ.

Сарапшылардың көпшілігі бәсекелес ортаға беру жоспарланған активтер тізімін кеңейтуді қолдады. "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Энерго" немесе "KEGOC" сияқты ірі энергетикалық компаниялардың жекешелендіруі мен IPO-ға өткеннен кейін олардың өніміне тарифтерді белгілеу мәселесі қоғамды алаңдатып отырғаны айтылды.

Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев стратегиялық компаниялардың капиталындағы IPO немесе бақылау жасамайтын акциялардың сатылғанына қарамастан оларға бақылау мемлекет құзырында қала беретінін атап өтті. Себебі мемлекет (Қор арқылы) бақылау пакетін өзіне қалдырады. Сонымен қатар, мемлекет бұрынғысынша салалық реттеушілердің көмегімен тарифтерді белгілеуге ықпал ете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу