Басқа туыстарыма сабақ болсын - С.Жапаров ұсталған туысына қатысты түсініктеме берді

2587

6 шілде күні Қырғызстан президентінің інісі Ұлан Жапаров жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын.

Басқа туыстарыма сабақ болсын - С.Жапаров ұсталған туысына қатысты түсініктеме берді Фото: РИА Новости

Қырғызстан Президенті бүгін ғана "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында туысына қатысты өз пікірін білдірді, жеп жазады Inbusiness.kz.

"Қазір уақыт басқаша. Барлығына бірдей қарау керек. Сыбайлас жемқорлыққа кімнің қатысы бар, сол міндетті түрде жауапқа тартылуы керек. Сіз елге келтірілген залалды екі есе өтейсіз, содан кейін ғана бостандыққа шығасыз. Өтей алмадыңыз ба — түрмеде отырасыз. Егер Мен бір туысыма  рақымшылық жасасам, онда басқаларына да солай жасауым керек болады. Қырғыздардың жақсы бір сөзі бар: біреуіне қолданған жаза - мыңға сабақ", - деді президент.

Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу