"Басы денесінен бөлінген": сотта Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген видео көрсетілді

1105

Судья мүрделерді бейнежазбаға түсіруге рұқсат етілмейтінін айтты.

"Басы денесінен бөлінген": сотта Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген видео көрсетілді Фото: sn.kz

Атырауда қайын жұртын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта бейнежазба көрсетілді.

"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазбаны көріп отыр. Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Бейнекадрлардан бұл жағдай анық көрінеді. Судья Зарема Хамидуллина мүрделерді бейнежазбаға түсіруге рұқсат етілмейтінін айтты", – деп жазды журналист Алмас Қабдол Instagram парақшасында.

Айта кету керек, бұған дейін Сұлтан Сәрсемалиевтің ломбардқа 2 алтын сақинаны өткізген видео сотта көрсетілгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу