"Басымызға таяқ тиді" – министрлік ғалымның кеңесі керек екенін түсінген

1356

Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі су тапшылығы, қуаңшылық проблемасына арналған баспасөз брифингі болды. Онда Қазақстанның сырттан келетін өзендерге қатты тәуелді екені айтылды.

"Басымызға таяқ тиді" – министрлік ғалымның кеңесі керек екенін түсінген

"Нормаларымыз да, құжаттарымыз да ана-оу кеңес одағынан қалған. Соның негізінде жұмыс істеп келе жатырмыз. Қазір енді заман өзгерді ғой. Жан жақтан шақырулар болады, климатта, экономикада, геосаясатта өзгерістер болады... Оның бәріне ғылыми кеңес беріп, "сенің бағытың мынадай", "дүние жүзі былай келе жатыр", "Ресей бүйтіп жатыр", "Өзбекстан былай келе жатыр" деп айтып отыратын ғалым керек", – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.

Оның айтуынша, осы министрлік жанынан су ресурстары және су шаруашылығы ғылыми орталығын құру арқылы ғылыми әлеуетті дамыту керек. Білікті кадр жетпейді.
Ал бұрын неге мұндай орталық болмаған?

"Маған дейін не болғанын айта алмаймын. Түрлі себеп бар шығар. Бірақ дәл кейінгі екі-үш жылдың көлемінде су тапшылығы болып, басымызға таяқ тиді. Көзіміз жеткен соң керек деп жан дауысымызды шығарып отырмыз", - дейді вице-министр.

Оның болжауынша, биыл да қуаңшылық болады. Әсіресе, Қызылорда мен Түркістан шаруаларына ауыр соғады деген жорамал бар. Онда басқа дақылдарды қорғау үшін күріш пен мақта көлемін азайту ұсынылды.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу