Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қызын алғашқы қоңырауға әріптестері алып барды

202

Марқұм өрт сөндіруші, ержүрек батыр Асқар Забикулиннің қызы мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қызын алғашқы қоңырауға әріптестері алып барды Фото: коллаж inbusiness.kz

Алғашқы қоңырау күні оны әкесінің әріптестері жалғыз қалдырмай, мектепке бірге ертіп апарып, қуанышына ортақтасты. 

Осылайша, елордалық ТЖД қызметкерлері қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан әріптестерінің отбасына қолдау көрсетіп, қызын алғашқы қадамымен құттықтады.

Салтанатты жиыннан соң батырдың отбасы Асқар Забикулиннің есімі берілген өрт сөндіру бөліміне барып, ескерткішіне тағзым етіп, еске алу бұрышымен танысты.

"Батырдың ұрпағына көрсетілген қамқорлық – бұл ерлік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсеткен Асқар Забикулиннің рухына көрсетілген құрмет", – делінген ТЖД хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 16 қарашасында Астанадағы өрт кезінде Асқар Забикулин адамдарды құтқарып, өзі ауыр жарақат алды. Ол 20 қараша күні ауруханада көз жұмды. Президент Жарлығымен Асқар Забикулин І дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу