Батыс Қазақстан облысында 1094 отбасы табысын жасырған

1194

АӘК 586 отбасына уақытша тоқтатылып, тағы 508 отбасына төлем мүлдем төленбейтін болды.

Батыс Қазақстан облысында 1094 отбасы табысын жасырған

Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі – БҚО) 2516 отбасының атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алуының заңдылығы тексерілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минитсрлігінің баспасөз қызметі.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Надырғалиев БҚО тұрғындарының әлеуметтік қызмет қызметкерлерін алдауының өрескел фактілері туралы хабарлады. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып табылады.

"Осылайша, Оралда алты баланың анасы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап АӘК ала бастады. Әлеуметтік көмек алудың заңдылығын тексеру барысында біз отбасының нақты табысының жасырылғанын анықтадық. 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген отағасының 6 миллион 904 мың 550 теңге көлеміндегі табысын жасырған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық есептері бойынша отбасының табысы 3 миллион 877 мың теңгені құрады. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды", – деді Қайырғали Надырғалиев.

Осыған ұқсас жағдай Жаңақала ауданында да орын алды. Өткен жылдың сәуір айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініш берушінің қайын атасы 5 миллион 200 мың теңге көлемінде кредит алып, ол қаражатқа 17 ірі қара мал сатып алған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу